Dimash - Samaltau | 2021
Самал тау, қайран елім, шалқар көлім,
Не болар солдат болып-айнам көрген күнім-ай,
Есіме қайта-қайта түсе бердің,
Кір-жуып, кіндік кескен-айнам қайран елім-ай
Атты емеспін, жаяумын,
Жаяудан да баяумын,
Он бес күндей жүргенде,
Омбы жаққа-ім таяумын.
Жасым бар қос мүшелдей, жылым – сиыр
Тағдырдың айдауымен-айнам кеттім қиыр-ай
Самал тау, қайран елім артта қалды
Адасқан өрісінен-айнам біз бір үйір-ай
Әке-шешем бар еді,
Жасы жеткен кәрі еді,
Осынау әнге салдырған,
Он алтының зары еді...
Самал тау, қайран елім, шалқар көлім,
Не болар солдат болып-айнам көрген күнім-ай